Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Елімізде кітапханашы-педагог мамандығы пайда болады

Кітапханашы мамандығында оқитындар жаңа саланы игеріп шығады.

14.08.2023
Саясат

«Кітапханашылардың жалақысын өсірумен қатар аталған мамандыққа жаңа мазмұн беру керек деп ойлаймыз. Кітапханашы тек кітап қорын түгендеп, оны оқырманға тауып беретін ғана емес, жан-жақты болуы керек. Мысалы, кітап іздеп келген балалар мен жастарға бағыт бағдар бере алуы тиіс. Сонымен қатар IT мамандарды да кітапхана саласына тарту маңызды», — деді Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова «AMANAT» партиясы алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Халық қалаулысының айтуынша, отандық кітапхана саласы мемлекеттік қолдау мен ілгерілетуді қажет етеді.

«Елімізде алдағы уақытта кітапханашы мамандығына тапшылық туындайтынын ескере отырып, біз грантты 30%-ға арттыруды сұрадық. Бұл мәселе биылғы оқу жылында шешілді. Талдау нәтижесі көрсеткедей, алдағы 3 жылда 6 200 кітапханашы тапшы болмақ. Келесі мәселе – кітапханашы-педагог немесе педагог-кітапханашы деген мамандық ашу. Бұған қатысты министрліктен қарастырып жатырмыз деген жауап келді», — дейді депутат.

Сондай-ақ брифингте кітапханашы мамандығына бөлінетін мемлекеттік гранттардың толық игерілмей қалатыны айтылды.

«Бүгінде елімізде 120 жоғары оқу орны бар. Оның ішінде 14-і – әскери және арнайы оқу орындары. Кітапханашы-педагог мамандығы бойынша реестрден өткіздік. Аталған жаңашылдықты биылдан бастап жүзеге асырайын деп отармыз. Кітапханашы мамандығына биыл бакалавриатқа 100 грант, ал магистратураға 20 және докторантураға 3 грант бөлінді», — деді Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары біліммен кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Баным Нарбекова.

Тегтер: жаңакітапханамамандық

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz