Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Екатеринбургте Қазақстанның Бас консулдығы ашылды

Премьер-Министр Әлихан Смайылов XIII «ИННОПРОМ» халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатысу үшін Ресейдің Екатеринбург қаласына жұмыс сапарымен барды.

10.07.2023
Саясат

Үкімет басшысы алдымен қаладағы Қазақстанның Бас консулдығының ашылу рәсіміне қатысты. Бас консулдық жұмысы Қазақстан Республикасының өңірлері мен кәсіпорындарының Ресей Федерациясы өңірлерімен сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын кеңейтуге, сондай-ақ тиісті консулдық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Жаңа дипломатиялық нысанның жұмысы Орал федералды округінің бүкіл аумағын, атап айтқанда Свердлов, Челябі, Қорған, Түмен облыстарын, сонымен қатар Пермь өлкесін қамтиды. Жалпы осы консулдық округтің аумағында 90 мыңнан аса қазақ, оның ішінде Қазақстаннан келген 7 мыңнан аса студент бар.

Әкімшілік орталығы және ең үлкен қаласы Екатеринбург болып табылатын Орал федералды округі – Ресей Федерациясының қарқынды дамып келе жатқан өнеркәсіп, ғылым-білім, көлік-логистикалық және қаржы орталықтарының бірі. Мұнда ірі ғылыми және өндірістік бірлестіктер орналасқан. Өнеркәсіптік өндірістегі экономикалық қызметтің негізгі түрлері жоғары ғылыми-техникалық әлеуеті бар машина жасау және металл өңдеу өнеркәсібі болып отыр.

Салтанатты рәсім кезінде Үкімет басшысы Әлихан Смайылов пен Свердлов облысының губернаторы Евгений Куйвашев қызыл лентаны қиып, артынша Бас консулдықтың ғимаратын аралады.

Премьер-министрдің айтуынша, Оралдың қақ орталығында Бас консулдықтың ашылуы екі елдің достық қарым-қатынастарының дамуына елеулі серпін береді. Сонымен қатар ол 10 жыл бұрын Екатеринбургте екі ел президенттері қол қойған ХХІ ғасырда тату көршілік пен одақтастық туралы шарт аясында стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту шаралары белсенді жалғасып келе жатқанын атап өтті.

«Бүгінде Қазақстанның облыстары мен қалаларының Ресей субъектілерінің көпшілігімен тұрақты диалогы орнатылған. Бұл тұрғыда Орал аймағы географиялық жақындығы жағынан да, өнеркәсібі дамыған Свердлов, Қорған, Түмен, Челябі облыстарымен және Пермь өлкесімен қалыптасқан сауда-экономикалық байланыстар жағынан да өте маңызды», – деді Әлихан Смайылов.

Сөз соңында премьер-министр ҚР Бас консулдығының мемлекетаралық ынтымақтастықты дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенім білдіріп, оның қызметкерлерінің жұмысына табыс тіледі.

Тегтер: Екатеринбург

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz