Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Біз алдағы үш жылда балалар үйінің санын 2 есеге қысқартуды көздеп отырмыз – Үкімет басшысы

Астанада Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына барды.

01.06.2023
Саясат
Фото: primeminister.kz

Фото: primeminister.kz

Үкімет басшысы осында тұратын балалармен тілдесіп, олардың тұрмысымен және оқу жағдайымен танысты. Премьер-министрге оқу кабинеттері, ойын алаңы, жатын бөлмелер мен асхана көрсетілді, сондай-ақ балалармен жүргізіліп жатқан жұмыстар және оларды мектептен кейінгі қолдау шаралары туралы айтылды.

Әлихан Смайылов орталық тәрбиеленушілерін Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады.

«Бұл – біз үшін ерекше мереке, өйткені балалар – біздің болашағымыз! Балалардың дені сау, ақылды және табысты болып ержетіп, сапалы білім алғанын қалаймыз. Ал мемлекет бұл үшін барлық қажетті жағдайды жасауды жалғастырмақ», – деді премьер-министр.

Фото: primeminister.kz

Үкімет басшысы ел Президенті жетім балаларды әлеуметтік қорғау және оларды отбасында тәрбиелеу мәселелеріне ерекше назар аударатынын атап өтті.

Соңғы 10 жылда республикадағы балалар үйлерінің саны 41%, ал ондағы балалар саны 65% төмендеді.

Бүгінгі таңда елде 3 700-ге жуық бала тұратын осындай 116 мекеме бар.

«Біз әр баланың отбасында тәрбиеленгенін қалаймыз. Сондықтан жыл соңына дейін кәсіби асырап алушы отбасылар институтын енгізу бойынша заңнамалық нормалар қабылданатын болады. Біз барлық бала отбасында тәрбиеленуі керек деген мақсат қойып отырмыз. Сол кезде балалар үйлерінің қажеті де болмай қалады», – деді Әлихан Смайылов.

Фото: primeminister.kz

9-сынып оқушысы Надежда Малахова премьер-министрге орталық тәрбиеленушілері салған суретті сыйлады. Ал балаларға тәтті сыйлықтар, велосипедтер мен самокаттар тарту етілді.

Әлихан Смайылов орталықта тәрбиеші болып жұмыс істейтін мекеме түлектері Гүлзат Газеева және Мария Захаровамен, сондай-ақ Қазақстанның балалар үйлері түлектері қауымдастығының басшысы Рафаэль Гасанов және орталық директоры Бибігүл Такисовамен әңгімелесті.

Үкімет басшысы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қатысты сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді. Атап айтқанда, оларды баспанамен қамту және білім беру шаралары туралы сөз қозғады.

Тегтер: астанаӘлихан Смайыловбалалар үйі

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz