Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Барлық мектеп қауіпсіздік талаптарына сай келмейді – Әлихан Смайылов

Премьер-Министр Әлихан Смайылов білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік мәселесі бойынша жүйелі шаралар қабылдап, іске асыру мәселесін қозғады.

15.08.2023
Саясат

«Білім беру объектілерінің қауіпсіздігіне де немқұрайлы қарауға жол бермеу керек. Білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша түбегейлі шаралар қабылдау керектігіне қатысты бірнеше рет тапсырма берілді. Бұл мәселені жақында Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штаб отырысында да қарадық. Білім беру объектілерінің барлығы бірдей қауіпсіздік талаптарына сай келмейді», — деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Үкімет басшысының айтуынша, мектептердің 30%-дан астамы әлі күнге дейін полицияның жедел басқару орталығына қосылмаған.

«Осы ретте, жұмысты белсенді жүргізу қажет. 1 қыркүйектен бастап барлық бастауыш сынып оқушылары яғни шамамен 1,5 млн бала тегін тамақпен қамтылатынын атап өту керек. Биыл аз қамтылған отбасылар мектеп киімі мен кеңсе тауарларын сатып алу үшін бір балаға кемінде 40 мың теңгеден алатын болады. Барлығы 500 мыңға жуық балаға осындай көмек көрсетіледі. Балаларды мектепке тасу үшін биыл 500-ден аса жаңа автобус сатып алынды», – деді Премьер-Министр.

Сондай-ақ Әлихан Смайылов оқу жылының басталуына орай инфрақұрылымды дамытып, оқу процесіне сапалы дайындықты қамтамасыз ету үшін ауқымды жұмыс жүргізілгенін айтты.

Тегтер: Әлия Тутеева

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz