Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Алматы облысының 3 мұғалімі 9 млн теңгеге ие болды

«Үздік педагог – 2022» республикалық байқауының 64 жеңімпазы (әр мұғалімге 3 млн теңге) 190 млн теңгеден астам қаражат алды.

18.11.2022
Саясат

Салтанатты марапаттау рәсімі елордадағы Radisson Hotel Astana қонақүйінде өтті. Астанада өткен салтанатты іс-шарада мектептер мен колледждердің үздік мұғалімдеріне ақшалай сертификаттар мен төсбелгілерді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов табыс етті.

Министр әріптестерін «Үздік педагог» атағымен құттықтап, өз ісіне адалдығы мен білім саласын дамытуға қосқан үлестері үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ министр ұстаздарға қиын болса да, бірақ ұлы кәсіпте жаңа табыс мен жетістік тіледі.

«Мұғалім мамандығы қай кезеңде болмасын ең қастерлі мамандықтардың бірі саналады. Ал бүгін, әріптестер, сіздер Ахмет Байтұрсынов, Ыбырай Алтынсарин сынды көрнекті ағартушылардың игі ісін жалғастырып келесіздер. Республикалық «Үздік педагог» байқауы өз саласының үздіктерін анықтап, еңбегіңізді, тәжірибеңіз бен біліміңізді бағалауға септігін тигізеді. Сіздер кәсіби мамансыздар. Сіздерге зор денсаулық, амандық тілеймін», — деді министр Асхат Аймағамбетов құттықтау сөзінде.

Оқу министрлігінің марапатын алғандар қатарында Алматы облысында қызмет ететін 3 педагог бар. Олар:

1. Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжінің ұстазы — Гүлнұр Утепбергенова. Оның 27 жыл еңбек өтілі бар. Колледж мұғалімі — облыстық «Жылдың Үздік оқытушысы» байқауының І орын жеңімпазы, «Ұннан жасалған кондитерлік өнімдерінің дайындалу технологиясы» оқулығының бірлескен авторы және «Ыбырай Алтынсарин» атындағы Төсбелгі иегері.


2. Абай атындағы орта мектеп-гимназиясының ұстазы — Айнұр Абишева. Ол — Қарасай ауданы «Ағартушы» кәсіби қоғамдастығы, Қарасай ауданы «Атамекен» тарих пәні мұғалімдері ассоциациясының төрағасы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасының иегері, «Тарих кеңістігі», «Көне жәдігерлер мұрасы» қолданбалы курсы бағдарламаларының авторы. Еңбек өтілі — 34 жыл.


3. Балғабек Қыдырбекұлы атындағы орта мектепте химия пәнінің мұғалімі, педагог-шебер — Мақсат Адият. Ол ҚР бойынша «Шебер химиктер» желілік қауымдастығы арқылы 800-ге жуық республика ұстаздарына әдістемелік көмек көрсетеді. Еңбек өтілі — 19 жыл.

Байқаудың республикалық кезеңінде аудандық, қалалық және облыстық кезеңдердің қорытындысы бойынша 123 мұғалім «Үздік педагог – 2022» атағы үшін сынға түсті. Байқаудың барлық кезеңін цифрландырудың арқасында биыл байқауға мұғалімдердің рекордтық саны, яғни 5,5 мыңнан астам мұғалім қатысты. Өтініш берген сәттен бастап үміткерлер байқаудың динамикасын онлайн бақылау мүмкіндігіне ие болды. Олар қатысушылар қай кезеңде, қандай ұпайлар қойылды және т.б. бақылай алды.

Республикалық конкурс комиссиясының құрамында қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, ата-аналар қауымының өкілдері, журналистер, белсенді мұғалімдер және т.б. азаматтар болғанын еске сала кетейік.

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz