Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Әлихан Смайылов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты бірқатар тапсырма берді

Өңір әкімдіктері 1 сәуірге дейін мектептерді тиісті қауіпсіздік жүйелерімен жабдықтау жұмыстарын аяқтауы қажет. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты.

07.03.2023
Саясат
Фото: primeminister.kz

Фото: primeminister.kz

«Өңір әкімдіктері осы жылдың 1 сәуіріне дейін мектептерді тиісті қауіпсіздік жүйелерімен жабдықтау жұмыстарын аяқтауы қажет. Бұл полицияның жедел басқару орталықтарына шығатын бейнебақылауға, мамандандырылған күзетпен және дабыл кнопкаларымен қамтамасыз етуге қатысты», — деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Оның атап өтуінше, Оқу-ағарту министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 3 күн мерзімде Үкіметке Балаларды қорғау жөніндегі кешенді жоспардың пысықталған жобасын енгізуі тиіс. Онда уәкілетті органдардың ведомствоаралық өзара іс-қимыл алгоритмін жетілдіру жөніндегі шаралар да қамтылуы қажет.

«Оқу-ағарту, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктері білім беру ұйымдарында қауіпсіздік талаптарының қатаң сақталуына сапалы мониторинг жүргізуі керек. Оқу-ағарту, Цифрлық даму министрліктері мен әкімдіктер 15 наурызға дейін Оқу процесін цифрландыру жөніндегі Жол картасын қабылдасын. Онда оқу материалдарын цифрлық форматқа көшіру, мектептерді интерактивті жабдықтармен қамтамасыз ету, заманауи білім беру технологияларын енгізу жөніндегі шаралар көзделуі тиіс», — деді ол.

Үкімет басшысы Цифрлық даму министрлігі өңір әкімдіктерімен бірлесіп, мектептердегі Интернет жылдамдығын арттыру, мектептерді талшықты-оптикалық, жергілікті және сымсыз желілермен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауы қажеттігін баса айтты.

«Өңір әкімдері оқу орындарының қауіпсіздігі мен білім беру саласын цифрландыру мәселелерін жеке бақылауда ұстауы қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Тегтер: Әлихан Смайылов

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz