Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Элиталы жезөкшелердің жұмысын ұйымдастырған атышулы «Айка» сотталды

Алматы қаласының Әуезов аудандық сотында есірткі тасымалдап, жеңгетайлық жасаған М. мен Т.-ға қатысты қылмыстық істі қаралды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
21.05.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Тергеу органы М.-ны аса ірі мөлшерде психотроптық затты заңсыз иемденді, сақтады және тасымалдады, сондай-ақ 52 эпизод бойынша бір топ адамдармен жеңгетайлық жасады деп (ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі, 309-бабының 2-бөлігі, 1-тармағы), Т. -ны бір топ адамдармен 12 эпизод бойынша жеңгетайлыққа көмектесті деп айыптады (ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі, 309-баптың 2- бөлігі, 1 тармағы).

Сот отырысы жабық режимде өтті (Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 29-бабы).

Сотта не анықталды?

2023 жылдың мамыр айында М., аса ірі мөлшерде мефедронды (психотроптық затты)сату мақсатынсыз заңсыз сатып алып, өзімен бірге заңсыз тасымалдаған. Ұстау кезінде полиция қызметкерлері сотталушының сөмкесінен психотроптық зат тәркілеген.

Сондай-ақ М. 2020-2023 жж. материалдық пайда алу мақсатында пайдакүнемдік мақсатта бір топ адамдар Т.-мен бірлесіп, қыздарға ақшалай өтемақы үшін интимдік қызмет көрсету үшін жеңгетайлық жасаған. М.-ның осы қызметтерден жеке өзі немесе сыбайласы Т. арқылы пайыз алған.

Сотталушылардың кінәсі куәлардың айғақтарымен, сараптамалық қорытындылармен және іс бойынша басқа да материалдармен дәлелденді.

Тараптардың позициясы

М. кінәсін ішінара мойындаған, Т. кінәсін мойындамаған. Прокурор М.-ны жалпы қылмыс жиынтығы бойынша 4 жылға, Т.-ға 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Соттың шешімі

Жаза тағайындау кезінде сот М.-ның жасаған ісіне өкінетінін, қылмысты ашуға белсенді түрде көмектескенін, жас баласының болуын жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды. М-ны ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

Т.-ның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

М. ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі, 309-бабының 2-бөлігі, 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған қылмыстар жиынтығы бойынша түпкілікті 6 жыл 6 ай түрінде жаза тағайындалды.
Т. ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі, 309-баптың 2-бөлігі, 1- тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 8 ай түрінде жаза тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Тегтер: Сотүкім

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz