Жетісу облысының солтүстік-шығысында 15-20, екпіні 23-28 м/с-қа дейін баратын жел соғады.
Жамбыл облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында 15-20 м/с-қа дейін, 26 желтоқсанда түнде екпіні 25 м/с-қа дейін барады.
Тараз қаласының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Қостанай облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші өңірдің солтүстігінде 15-20 м/с болады деп күтілуде.
Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыс орталығында шығыстан соғатын желдің күші — 15-20 м/с. Қызылорда қаласында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін.
Оңтүстікте, Түркістан облысының тау бөктерінде тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың солтүстігінде екпіні — 15-20 м/с.