23 қарашада түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады.
Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Оралда 23 қарашада түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.
Солтүстікте, Қызылорда облысының орталығында тұман түседі.
23 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында тұман түседі.
23 қараша түнде және таңертең Шымкент, Түркістан қалаларында кей жерлерде тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады, облыстың солтүстігі мен шығысына да қалың қар түседі. Облыстың солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде қарлы боран. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні солтүстікте, орталықта, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с жетеді.
23 қарашада түнде Жетісу облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні — 17-22 м/с.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, шығысында көктайғақ, облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. 23 қараша түнде Ақтөбеде көктайғақ болады.