«Биыл талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырады. Қазіргі таңда 330 мыңға жуық өтініш қабылданды. 181 мың талапкер тестілеуге қатысуға ниет білдірген», — деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының директоры Болатбек Абдрасилов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
ҰБТ жылына 5 рет өткізіледі: үш рет – ақылы негізде. Ал негізгі ҰБТ негізінде талапкерлер гранттар беру конкурсына қатысу мүмкіндігіне ие болады.