Ведомство өкілдерінің мәліметінше, жыл басынан бері шетелдіктер (Индия, Нигерия, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей азаматтары) мен ҚР азаматтарының жасанды және өзге адамның құжаттарын пайдалануының 150 фактісі әшкереленген. Сондай-ақ қос азаматтығы бар 233 адам анықталды.
Бұған қоса жалпы сомасы 2,5 млрд құрайтын 300-ден аса заңсыз валюта айналымының алды алынды.
Сонымен бірге қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өткізбек болған 153 әрекеттің жолы кесілді. Бұл қылмыстар бойынша күдіктілер әрі қарай тексеру үшін ІІМ мен МКД аумақтық бөлімшелеріне тапсырылды.
Одан бөлек, ҚР көші-қон заңнамаларын бұзғаны үшін 8 мыңнан аса адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.