Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Елімізде көкөніс бағасы 28%-ға қымбаттаған

Мәжілістің аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Егізбаев Мәжілісте өткен Үкімет сағатында көкеністердің бағасы жайлы айтты.

19.06.2023
Жаңалықтар

«Аграрлық мәселелер комитеті Үкіметтің жеміс-көкөніс саласына қатысты саясатына халық барынша көп тұтынатын және қор ретінде жинайтын әрі бағасы инфляцияға елеулі әсер ететін (жылдық есеппен алғанда жаңа піскен көкөністер 28%-ға қымбаттады) көкөністің негізгі 6 түрі (картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат, қияр, қызанақ) бойынша жүргізген талдау осы өнімдерді өндіру, өңдеу, сақтау мен өткізу процестерін тежейтін мемлекеттік саясаттағы олқылықтарды көрсетіп отыр», — деді ол.

Егізбаев атағандай, орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдардың осы бағыттағы салааралық іс-әрекеттері үйлесімді болмай отыр.

«Мысалға, Экология министрлігі — сумен қамту, Энергетика министрлігі – энергия тасымалдағышарды (көмір, газ, электр энергиясы, ЖЖМ) уақтылы жеткізу және АШТӨ қолдайтын тарифтер, Сауда министрлігі  – импорт және экспорт, сауда желілерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру мәселелері бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп ортақ шешім қабылдамайды, әкімдіктер ӘКК-ның тиімді жұмысын және бірінші кезекте ауылда сервистік-дайындау желілерін ұйымдастыруды дұрыс жолға қоя алмауда, ал Ауыл шаруашылығы министрлігі АШТӨ-нің мүддесін қорғайтын және мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіретін ықпалды орган бола алмай отыр», — деді ол.

Егізбаевтың айтуынша, статисканың анық әрі дәл болмауы Үкімет қабылдаған барлық шаралардың тиімділігін жоққа шығарады.

«Бұл бүкіл ауыл шаруашылығы саласының жүйелі проблемасына айналды», — деді ол.

Тегтер: көкөнісҚазақстанқымбатшылық

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қонаевта кәріз тазарту жүйесінің құрылысы жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz