Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Елімізде киім-кешек бағасы бір жылда 25 пайызға қымбаттады

Елдегі киім-кешек өндірісінің 43 пайызы Алматы және Шымкент қалалары мен Алматы облысында шоғырланған. Бұл туралы Alataunews.kz Energyprom.kz ресурсына сілтеме жасап хабарлайды.

14.11.2022
Жаңалықтар

Басылым мәліметінше, биыл қазандағы қорытынды бойынша, киім бір жылда 14,6 пайызға қымбаттаған. Оның ішінде, елордада 25 пайызға, Қызылорда облысында 19,8 пайызға, Ақмола облысында 19 пайызға көтерілген. Республика бойынша ең баяу өсім Ақтөбе облысында тіркелді — 9,7 пайыз.

Бір жылда ерлер киімі 14 пайызға, әйелдер киімі 14,1 пайызға, балалар киімі 17,2 пайызға қымбаттады.

Қаңтар-тамыз аралығында импортпен келген трикотаж және тоқыма өнімдерінің көлемі 71 мың тонна болған. Бұл ақшаға шақсақ, 888,9 млн доллар.

Қазақстанға ТМД елдерінен 16,9 мың тонна өнім әкелінген. Бұл бұрынғыдан 2,9% кем. Негізгі жеткізуші – Өзбекстан: 10,2 мың тонна.

ТМД құрамына кірмейтін елдерден 54,1 мың тонна киім әкелінген. Бұл былтырғыдан 17,8% артық. Негізгі жеткізушілер Қытай (39,3 мың тонна) мен Түркия (12 мың тонна) болып отыр.

Қаңтар-қыркүйек аралығында елдегі киім өндірісінің ақшалай көлемі 43,1 млрд теңге болды. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 12,7% көп.

Ең үлкен өндіріс көлемі Шымкентте тіркелді — 7,4 млрд теңге (+44%). Одан кейін Алматы қаласында 6,9 млрд теңгенің (+15,2%) және Алматы облысында 4,2 млрд теңгенің (-48,6%) киім-кешегі өндірілген.

Фото: Energyprom.kz
Фото: Energyprom.kz
Тегтер: Қазақстанөндіріс

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz