Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Елімізде банкрот болғандар 5 жылға дейін несие ала алмайды

Елімізде банкрот болған азаматқа 5 жылға дейін несие берілмейді. Сондай-ақ, жағдайы қиындай түссе 7 жылдан кейін тағы банкроттыққа өтініш бере алады. Бұл туралы ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлім етті.

20.12.2022
Жаңалықтар

«Банкрот мәртебесін алудың салдарына тоқталсам. Жеке тұлғаға 5 жылға дейін несие беру шектеледі. Азамат араға 7 жыл салып банкроттыққа қайта жүгіне алады. Банкроттықтан кейін 3 жыл ішінде ол азаматтың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу көзделген. Сол себепті азамат өзін банкрот деп жариялаудан бұрын ықтимал салдары мен шектеулер туралы ойлануы қажет», — деді Ержан Біржанов Сенат қабырғасында өткен дөңгелек үстел барысында.

Оның айтуынша, сот банкроттық рәсімін қаржы басқарушылары арқылы жүзеге асырады. Яғни, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді банкроттық рәсімін жүзеге асыратын әкімшілер, кәсіби бухгалтерлер, заң консультанттары және аудиторлар.

«Негізгі заң жобасынан бөлек, 4 кодекс пен 12 заң бойынша өзгертулерді көздейтін ілеспе заң жобасы мен «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылады. Жалпы, аталған заңды іске асыру азаматтардың борыштық жүктемесін азайтуға, әлеуметтік шиеленісті жеңілдетіп, қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталады. Сонымен қатар қарызды банкроттықтан кейін бірқатар шектеу азаматтардың қарызын өтеуге ынталандырады деген үміттенеміз», — дейді ол.

Тегтер: Ержан Біржановқаржынесие

Соңғы жаңалықтар

Стандарты служебной этики государственных служащих

Николай Иващенко
20.03.2026

Добраться на аэротакси из Алатау до Алматы можно будет за 10 минут – Бозумбаев

Николай Иващенко
20.03.2026

Алатау — город будущего: ряд мировых компаний планируют запустить свои проекты в новом городе

Николай Иващенко
20.03.2026

ИИ-лекции и открытые встречи прошли по всей стране в рамках Digital Nauryz

Николай Иващенко
20.03.2026

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz