Мемлекет құрылысқа кеткен қаражаттың 40-50 пайызын өтеп береді. Министрлік алдағы 3 жылда 87 жеміс сақтау қоймасын салуды жоспарлап отыр. Олардың жалпы сақтау көлемі 350 мың тоннаға жетеді.
«Біз ірі және орта ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер өз өнімдерін сақтай алуы тиіс деп есептейміз. Олардың көпшілігінде өнім егістіктен алынады және ол маусымнан тыс уақытқа жетпейді. Сондықтан аз пайда табады», — деді Ербол Қарашөкеев.
Спикердің айтуынша, министрлік ауыл шаруашылығы өнімдерін мамыр-маусымға дейін сақтау міндеттемесін алып отыр. Сондай-ақ, көршілес Қырғызстан мен Өзбекстаннан ерте пісетін көкөністерді төмен бағамен жеткізу туралы келісу жоспарланған. Қазір Қазақстанда маусымаралық кезеңде сақтау сапасына байланысты күзгі көкөністер жетіспейді, ал ерте түсетін көкөністер әлі жоқ. Сондықтан жыл сайын бағаның өсуі байқалады.