«Әуе рейстері санын көбейту үшін компаниялармен бірлесіп ұшақтар паркін толықтыру жоспары қабылданды. Былтыр 14 сатып алынса, биыл 11 ұшақ жеткізіледі. Жалпы, 2025 жылдың соңына дейін паркке тағы да 42 ұшақ қосылады. Осы орайда ұшақтардың саны 132-ге жетеді», — деді Алмаз Ыдырысов Сенатта еліміздегі әуе көлігі мәселелеріне қатысты жиын барысында.
Оның пайымынша, әуе көлігінің саны көбейген жағдайда тұрақты рейстер артып, билет арзандайтын болады.