Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Елге 4 млн қорап темекі контрабандалық жолмен кіргізілмек болған

Қазақстанға таңбаланбаған 4 млн астам қорап темекіні контрабандалық жолмен әкелуге тырысқандардың жолы кесілді. Алдын ала есеп бойынша бюджетке төленуге тиіс сомасы – 1,2 млрд теңге. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

06.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері кедендік тексеру жүргізу кезінде «сәйкестендіру құралдарымен таңбалаусыз темекіні» заңсыз алып өтуге байланысты кеден заңнамасын бұзудың 3 фактісін анықтады. Барлық 3 фактінің қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар.

Мысалы, «Алматы» кедендік ресімдеу орталығының қызметкерлері Біріккен Араб Әмірлігінен Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген жүкті тексеру кезінде таза салмағы – 24,2 тонна, (1,422 млн қорап) темекі тапты. Бюджетке төлеуге тиісті кедендік төлемдердің, салықтардың және акциздің сомасы – 403 млн теңге болды. Материал сотқа дейінгі тергеп-тексеру туралы мәселені шешу үшін көлік прокуратурасына берілді.

Сондай-ақ, «Алматы» КРО қызметкерлері Латвиядан Қазақстан аумағына әкелінетін, салмағы – 13 тонна (656 мың қорап) осыған ұқсас жүкті ұстады. Бюджетке төлеуге тиісті сомасы – 184,5 млн теңге.

«Жетісу» кеден бекетінің қызметкерлері кедендік тексеру барысында инвойсқа сәйкес 45,6 мың орам көлемінде «дәретхана қағазы» деп мәлімделген тауарды анықтаған. Алайда, дәретхана қағазы емес темекі тауары екені анықталды. Саны – 2, 090 млн қорап. Бюджетке төлеуге тиісті алдын ала есептелген сомасы – 587,9 млн теңге», — делінген Комитеттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетсек, 2020 жылғы қазаннан бастап барлық импортталған сигареттер Қазақстан аумағына не кеден қоймаларына әкелгенге дейін сәйкестендіру құралдарымен таңбалануға тиіс.

Тегтер: контрабандаҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz