Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Елдос Сметов Лос-Анджелес Олимпиадасына баратынын мәлімдеді

Дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға шешім қабылдады. Бұл туралы спортшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
28.07.2025
Жаңалықтар

«Үш Олимпиаданың әрқайсысының орны бөлек. Бірақ Париж Олимпиадасының алтыны мен үшін әрқашан биік тұрады. Бұл — маңдай тер мен талпыныстың, жеңіс пен жеңілістің, еңбек пен төзімнің жемісі. Бұл күн — менің бүкіл марапаттарымның шыңы», — деп жазды спортшы.

Сметов Олимпиадаға апарар жолда көптеген қиындықты еңсеруге тура келгенін жасырмады. Ол жетістікке жету үшін көп нәрседен бас тартып, үлкен тәуекелге барғанын атап өтті.

«Дәл осындай қуанышты, дәл осындай арманды барлық спортшының сезінгенін қалаймын. Олимпиада алтынын алғаннан кейін ғана мен өз өмірімді отбасыма, жақындарыма арнауға мүмкіндік алдым. Париждегі жеңісім біз алмайтын қамал жоқ екенін дәлелдеді. Енді сол жеңісімді 2028 жылы Лос-Анджелесте қайталағым келеді. Келесі Олимпиадада дәл осындай қуанышты сәтті өзім де, жанкүйерлерім де тағы бір мәрте сезінсін деп бар күшімді саламынй, – деді Елдос Сметов.

Айта кетейік, Елдос Сметов – Қазақстан дзюдосының символына айналған, бірнеше әлем чемпионатының жүлдегері, Олимпиада ойындарының алтын, күміс және қола медаль иегері. Оның Лос-Анджелеске баратын ниеті – еліміздің спорт тарихында жаңа парақ ашуға жасалған маңызды қадам.

Тегтер: қазақстанспорт

Соңғы жаңалықтар

Стандарты служебной этики государственных служащих

Николай Иващенко
20.03.2026

Добраться на аэротакси из Алатау до Алматы можно будет за 10 минут – Бозумбаев

Николай Иващенко
20.03.2026

Алатау — город будущего: ряд мировых компаний планируют запустить свои проекты в новом городе

Николай Иващенко
20.03.2026

ИИ-лекции и открытые встречи прошли по всей стране в рамках Digital Nauryz

Николай Иващенко
20.03.2026

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz