Өткен тәулікте 2654 індет жұқтыру дерегі тіркелді.
Алматыда 804, сары аймаққа кірген Нұр-Сұлтанда 797 науқас анықталды. Қарағанды облысында 212 науқас тіркелді. Қазір елде 16 мыңнан аса адам емделіп жатыр.
Бүгін Елордада карантиндік шектеулер күшіне енді. Мамандар тұрғындарға көпшілік орындарда маска тағуды міндеттеді.
Еліміздің екпе орындарында 1 млн 600 мың доза вакцина бар. Азаматтарға QazVac, Sinopharm, Pfizer сынды екпенің үш түрі ұсынылады.