Алкогольді ішімдік ішкен адамдардың 41,1% өзгенің мүлкін бұзу, оған шығын келтіру қылмыстарын жасаған. Ал, ұрлық фактісі бойынша 1,1 мың адам ұсталған. Негізінен жиі кездесетін қылмыс – көліктерді тонау немесе ұрлау.
Биыл ішімдік ішкен күйде қылмыстық құқық бұзушылық көп тіркелген өңір – Шығыс Қазақстан облысы. 6 айда ішінде 548 тұрғын алкогольді ішімдік ішіп, түрлі қылмыс жасаған. Мұндай өңірлердің үштігіне Қостанай (398 адам) және Ақмола (376 адам) облыстары кіреді.
Ал, ел бойынша ішімдік ішкен күйде жасалатын түрлі құқық бұзушылық фактілері Атырау облысында аз анықталған. Онда жыл басынан бері спирттік ішімдік ішкен 52 адам ұсталған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 36,6 пайызға аз.