«Ейск қаласындағы Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары үйінділерді тазартқаннан кейін ұшақ құлаған жерден қаза тапқандардың мәйіттерін тапты. 18 қазан сағат 06:00-дегі жағдай бойынша апат салдарынан 13 адам қаза тапты, оның ішінде 3 бала бар. 19 адам түрлі дәрежедегі дене жарақатын алды, олардың төртеуі Краснодар облыстық ауруханасында емделіп жатыр, қалғандары Ейскіде емделеді. Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетіледі», — деп хабарлады Ресей Денсаулық сақтау министрлігі.
Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі үш адамның өлімі бірден белгілі болғанын, кейін үй қирандыларының астынан он адамның мәйіті табылғанын айтты.
«Ейскіде іздестіру-құтқару операциясы барысында 68 адам құтқарылды, оның ішінде баспалдақтардың көмегімен 360-тан аса адам эвакуацияланды», — деп түсіндірді департамент өкілі.
Еске салайық, Ресейдің Ейск қаласында әскери ұшақ көпқабатты тұрғын үйге құлағанын жазған болатынбыз.
Ресей Қорғаныс министрлігі Су-34 ұшағы Оңтүстік әскери округінің әскери аэродромынан оқу-жаттығу мақсатында көтерілген кезде құлағанын мәлімдеді.