Комитеттің мәліметінше, 16 шілдеде «Эйр Астана» компаниялар тобына кіретін «Fly Arystan» бөлімшесінің Алматы-Атырау бағыты бойынша КС-7202 рейсі 12 сағат 9 минутқа кешіктірілген. Аталған әуе компаниясы бұндай жағдайда жолаушыларға көрсетілуі керек тиісті қызметтерді орындамаған.
«Ұшуды күткен кезде осы рейстің жолаушыларына ҚР «әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Заңына сәйкес, қонақ үйде тұру бойынша қызметтер тиісінше ұсынылмаған», — деп жазылған комитет хабарламасында.
Осыған байланысты, 4 тамызда авиакомпанияға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексін негізге ала отырып, 1000 АЕК (3 063 000 тг) айыппұл салу туралы хаттама жазылды.
Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаевтың сөзінше, «Эйр Астана» әуекомпаниясы өткен айдағы заң бұзушылықтарына байланысты жалпы сомасы 12 млн теңгеден асатын әкімшілік жауапкершілікке тартылған.





