Жануарлар туралы деректер TABAN – үй жануарларын есепке алу бірыңғай деректер базасынан автоматты түрде жүктеледі. Бұл жүйе әр жануар бойынша маңызды ақпаратты – тіркеу, емделу, чиптеу, вакцинация және стерилизация секілді оқиғаларды тіркеп отырады.
Цифрлық төлқұжатта келесі мәліметтер қамтылады:
Жануардың жеке және құжат нөмірі;
Аты, түсі, тұқымы және туған күні;
Ерекше белгілері, жынысы мен түрі;
Тіркелген және нақты тұратын мекенжайы;
Иесінің толық аты-жөні және ЖСН;
Чиптеу, вакцинация және стерилизация туралы ақпарат (күні мен мәртебесі көрсетілген).
Қызметті қалай пайдалануға болады?
eGov Mobile қосымшасына кіріп, авторизациядан өтіңіз;
«Цифрлық құжаттар» бөлімін ашыңыз;
«Басқа құжаттар» ішінен Жануар төлқұжатын табыңыз;
Құжат көрінбесе, «Құжаттарды жаңарту» батырмасын басыңыз.
Цифрлық төлқұжат не үшін қажет?
Цифрлық құжат жануар жоғалған жағдайда немесе ветеринарлық клиникаға жүгінгенде, көрмелерге, сапарларға шыққанда оның барлық деректерін жылдам ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл жаңашылдық үй жануарларын жүйелі тіркеуге, қаңғыбас жануарлар санын азайтуға және иелерінің жауапкершілігін арттыруғабағытталған.
2025 жылғы наурыз айындағы мәліметке сәйкес, жүйеде 224 мыңнан астам үй жануары тіркелген, оның ішінде 20 мыңнан астамы — иесіз жануарлар.




