Ол бұл күнді ынтымақ пен жаңару нышаны ретінде атап өтті.
“Біздің мемлекеттерімізді ұзақ жылдардан бері қалыптасқан өзара тиімді ықпалдастық байланыстырады. Алдағы уақытта қауіпсіздік, экономика және басқа да салаларда жаңа жетістіктерге жететінімізге сенімдімін. Біздің жасампаз елдеріміз табысты жолға қадам басқан кезеңде, Америка халқы Қазақстанның егемендігін, тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын әрдайым қолдайды”, – деп жазылған жеделхатта.
Дональд Трамп Қазақстанмен арадағы стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайтынын жеткізді және екі ел арасындағы ынтымақтастық бұдан әрі де нығая беретініне сенім білдірді.






