Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Депутат туризм саласындағы негізгі мәселелерді атады

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин елдегі туризм саласындағы шешімін таппай келе жатқан мәселелерді атап, сынға алды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Депутаттың айтуынша, туристік салада орындардың жетіспеушілігі, демалу құнының көпшілікке қолжетімсіз болуы, бағаға сапаның сай болмауы, сервистің нашарлығы және инфрақұрылымының жетіспеуі айтылып жүргеніне бірнеше жыл болғанын айтады.

Ол қазіргі таңда әлемдік жалпы өнімдегі туризмнің үлесі 9 пайыздан асқанын, ал еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз екенін, кейінгі төрт жылда экономи­ка құрылымындағы туризмнің үлесі едедәуір азайып, небәрі 3% пайызды құрап отырғанын, бұл әлемдегі орташа көрсеткіштен үш есе тө­мен көрсеткіш екенін айтады.

Мемлекет тарапынан туристік бизнесті оңтайлы қолдаулардың жоқтығын жасырмау керек. Мысалы, елімізде мал шаруашылығын, өңдіріс саласын қаржылай қолдайтын неше түрлі институттар мен бағдарламалар бар. Алайда туризм бизнесін дамытуға бағытталған нақты бір қаржы көзі жоқ, ал банктер бұл саланы қаржыландыруға құлықсыз. Сонымен қатар инфрақұрылымның жетіспеушілігі, яғни жөндеу көрмеген сапасыз жолдар мен көлік қатынасының қиындығы шалғайда орналасқан туристік орындарға жетуді өте қиындатып отыр. Шұрқ-тесік жол қажытқан жолаушылардың демалыстан алған әсері су сепкендей басылып, енді қайтып онда келгісі келмей қалады, — деп айтты Еділ Жаңбыршин.

Басқасын былай қойғанда, әйгілі Алакөлге апаратын жолдың өзі әлі толық жөнделіп бітпей жатыр. Сонымен қатар жазда демалушылар легі көп болғандықтан, пойыздарға билет тапшы.

Оған қоса, жолаушылар вагондарының да көбінің тозығы жеткен. Ал туристік санаттағы пойыздар атымен жоқ. Туристерді таситын автобустарды ұмытқанымыз қай заман?! Ал ұшақтар бағасы да аспандап, қарапайым демалушыларға қолжетімсіз болып тұр. Еліміздегі әуе тасымалында лоукостерлердің үлесі 21 пайыз-ақ екен. Мысалы, Грузияда лоукостерлер 56 пайызды құрайды, — деп есептейді депутат.

Ол азаматтық авиация саласы осы мәселені де ойластырғаны жөн деп санайды.

Депутат Үкіметке мынадай ұсыныстар жасады:

1. Дәстүрлі ауылшаруашылығымызды этно, эко және гастрономиялық туризм нысандарына айналдыру бойынша қолдаулар көрсету. Өйткені қазір бұзылмаған табиғат пен таза тамақ өнімдеріне сұраныс артып келеді.

2. Туризм саласын несиелендіруге арналған бағдарлама жасап, қаржы институттарын анықтау;

3. Жыл аяғынан дейін Мемлекет басшысы айқындағы туристік аймақтардың әр қайсысынан кемі үш ауқымды жаңа жобаларды анықтап және құрылысын бастау;

4. Биылдың аяғына дейін Мәжіліске келіп Президенттің туризм саласына байланысты берген тапсырмаларының орындалысы туралы есеп беру.

Тегтер: Туризм

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz