Алдағы күндері Қазақстандағы ауа райына екі қарама-қарсы атмосфералық процесс әсер етеді. Шығыс, орталық және солтүстік-шығыс аймақтарды қамтитын антициклон әсерінен жауын-шашын жаумайды.
Сонымен қатар, батыс, солтүстік және оңтүстік аймақтар солтүстік-батыс циклоны әсеріне ұшырайды, сондықтан жаңбыр мен қар жауады, жел күшейеді. Кейбір өңірлерді тұман түседі.
- Қазақстанның батысында: түнде +2…+7°C, күндіз +12…+20°C.
- Қазақстанның солтүстігінде: түнде -1…-10°C-тан -3…-2°C-қа дейін, күндіз +1…+6°C-тан +5…+10°C-қа дейін.
- Қазақстанның шығысында: түнде -12…-22°C-тан -5…-12°C-қа дейін, күндіз -2…+6°C-тан +1…+8°C-қа дейін.
- Қазақстанның оңтүстігінде: түнде +2…+7°C, күндіз +13…+18°C-тан +18…+23°C-қа дейін.
- Оңтүстік-шығыста: түнде -2…+3°C, таулы аймақтарда -8…-13°C, күндіз +10…+15°C-тан +15…+20°C-қа дейін болады.





