Министрлік мәліметінше, тестілеуге қатысуға 21 мыңнан астам өтініш қабылданған. ҰБТ тапсырушылардың шамамен 66 пайызы қазақ тілінде, 34 пайызы орыс тілінде, 69 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтуге ниет білдірді.
Өтініш берушілер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде шағымдана алады. Сертификат апелляциялық шағым туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.