Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бүгін оразаның бірінші күні

Бүгін Ислам әлемі үшін қасиетті саналатын Рамазан айы басталды. Ораза 23 наурыздан 21 сәуірге дейін жалғасады.

23.03.2023
Жаңалықтар

Сәуір айының 17-нен 18-іне қараған түн – қасиетті Қадір түні, 21 сәуір – ораза айт мерекесі.

Ораза — бір нәрседен алыстау, белгілі бір уақыт аралығында ішіп-жеуден, нәпсі қалауларынан тыйылу дегенді білдіреді.

Сәресін ішу таң намазының уақыты кіруіне 10 минут қалғанда тоқтатылады. Ораза тұту – мұсылман қауымының бес парызының бірі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы отандастарды Рамазан айының келуімен құттықтады.

«Шариғат бойынша балиғатқа толған, ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылманға Рамазан айында ораза ұстау – парыз. Алайда жолаушылар, науқас жандар мен сырқаты асқынып кетуінен қауіптенген адамдар, жүкті немесе емізулі баласы бар әйелдер ораза ұстауды кейінге қалдыруына болады. Бұған шариғатымыз рұқсат береді. Рамазан айының қадір-қасиетін терең түсінген ізгілер «Раббымыз, бізді Рамазан айына аман-есен жеткізе гөр!» деп дұға жасаған. Сан ғасырдан бері Ислам дінін рухани тірегі еткен халқымыз берекелі Рамазан айын ерекше дайындықпен күтеді. Сауаптар еселеніп жазылатын айда ауызашар беріп, көмекке мұқтаж жандарға пітір садақасын үлестіріп, үлкендердің алғысы мен батасын алуға тырысады. Оразада игі ниетпен орындалатын ізгі амалдар бүгінде салт-дәстүрімізге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді», — деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сондай-ақ, бас мүфти Рамазанда ауыз бекіткен исі мұсылман баласы өзін ішіп-жеуден ғана шектемей, жаны мен тәнін жамандықтан сақтап, ізгілікке ұмтылатынын жеткізді.

Өйткені Рамазан – кез келген ізгі амалды риясыз ниетпен жасауға тәрбиелейтін, адамды тақуалыққа үйрететін ай.

Биылғы пітір садақасы жан басына 535 теңге болып бекітілді. Пітір садақасы мөлшері еліміз бойынша екі келі ұнның ортақ бағасы негізінде белгіленді. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен беруге болады.

Тегтер: ораза

Соңғы жаңалықтар

Аида Балаева проверила готовность туристических объектов Алматинской области к летнему сезону

Николай Иващенко
08.04.2026

Осужденная общественная деятельница Перизат Кайрат отбывает срок и работает в колонии

Николай Иващенко
08.04.2026

Генеративное искусство: в Астане пройдет фестиваль AI-фильмов

Николай Иващенко
08.04.2026

Пожар в акимате Актюбинской области: пострадавших нет

Николай Иващенко
08.04.2026

Токаев приветствует достижение соглашения о перемирии на Ближнем Востоке

Николай Иващенко
08.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz