Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бүгін береке-бірлік пен ырыс-ынтымақ мерекесі – Көрісу күні

Бүгін қазақ халқының көнеден келе жатқан дәстүрлі мерекесі – Көрісу күні.

14.03.2023
Жаңалықтар

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің ауқымын кеңейту үшін төл жаңа жылды күн мен түн теңелерден 10 күн бұрын бастау әдетке айналып келеді. Он күндік думанды мазмұнды ету аясында Көрісу күні ресми шаралардың қатарына қосылып, бүгінде бүкіл қазақ білетін айтулы күнге айналып отыр.

Бір күннің аясымен шектеліп қалмай, жыл бойы жалғаса беретін Көрісу салты негізінен Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында және Ақтөбенің кейбір аудандарында, Ресейдің көршілес Астрахан, Саратов, Орынбор өңірлерінде, Қарақалпақстанда аталып өтеді. Ал Маңғыстау өңірінің жұрты оны Амал мерекесі деп те атайды.

Ежелден келе жатқан ата салтымыз бойынша жастар осы күні үлкендерге сәлем беріп, батасын алады. Жұрт бір-біріне ақ тілегін арнайды.

Амал мерекесін Наурыздан бөле-жара қарауға болмайды. Ол — Наурыздың алғашқы жаршысы іспеттес. Амалдың негізгі шарты — үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық көрсету, әлсізді демеу, жарлыны жарылқау. Бұл күні жасы кішілер үлкендерге арнайы сәлем беріп, қол алысып, төс қағыстырады. Ақсақалдар «Бір жасың құтты болсын!» деп, жастарға батасын береді. Бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады. Үй иелері келгендерге дәм ұсынып, ақ тілегін жаудырады. Осылайша, Көрісу — бауырмалдықтың, кішіпейілдіктің, қайырымдылықтың мерекесі саналады.

Тегтер: Басты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Аида Балаева проверила готовность туристических объектов Алматинской области к летнему сезону

Николай Иващенко
08.04.2026

Осужденная общественная деятельница Перизат Кайрат отбывает срок и работает в колонии

Николай Иващенко
08.04.2026

Генеративное искусство: в Астане пройдет фестиваль AI-фильмов

Николай Иващенко
08.04.2026

Пожар в акимате Актюбинской области: пострадавших нет

Николай Иващенко
08.04.2026

Токаев приветствует достижение соглашения о перемирии на Ближнем Востоке

Николай Иващенко
08.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz