Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалық

Биыл Жетісу облысындағы білім саласының бюджеті 138 млрд теңгеден асып отыр

Биыл Жетісу облысындағы білім саласының бюджеті 138 млрд. теңгеден асып отыр, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

26.08.2022
Жаңалық

Бұл әлеуметтік салаға бөлінген қаражаттың шамамен 65%-ы. Аталған қаражат білім нысандарының құрылыс жұмыстарына, материалдық-техникалық базасын нығайтуға, инновациялар мен заманауи қауіпсіздік жүйелерін енгізуге және басқа да маңызды іс-шараларға бағытталуда.

Бұл туралы бүгін Талдықорғандағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өткен педагогтардың тамыз конференциясында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты.

Оның айтуынша, өңірде 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту көрсеткіші 98,3% құрап отыр. Білім сапасының деңгейі — 64,2%. Оқыту мен тәрбиені тең алып жүру үшін мектеп пен ата-аналардың өзара жауапкершілігіне негізделген «оқушы — мектеп — ата-ана» бірлескен жұмыс форматы енгізіледі.

Облыс әкімі жастардың кәсіби техникалық даярлығы мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Аймақтағы кәсіптік білім беретін мекемелерде 50 мамандық, 93 біліктілік бойынша мамандар даярланады. Қазіргі уақытта қажетті мамандықтар үшін облыстық бюджеттен 192,1 млн.теңге бөлініп отыр.

«Облыста іргелі өнеркәсіп орындарын ашуға бағытталған көптеген ірі жобалар қолға алынып жатыр. Біздің колледждеріміз ертеңгі күні соларға қандай мамандар қажет болады, жастарды қай бағытта оқыту керек дегендей нарықтың сұранысына бейімделе білуі тиіс. Жергілікті атқарушы органдар мен білім басқармасы облыста жұмыс істейтін кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығы кешендеріне қажетті мамандарды анықтау жұмыстарын бірлесіп жүргізуі керек. Еңбек нарығындағы ұсыныс пен сұраныс бір-бірімен тепе-тең болғанда, жастарды оқыту мен жұмыспен қамту, кадр тапшылығы сияқты мәселелер бірте-бірте шешілетін болады», — деді Бейбіт Исабаев.

Жалпы облыстағы 340 мектепте 15 691 мұғалім, 405 мектепке дейінгі білім беру ұйымында 3328 педагог жұмыс істейді. Өңірдегі педагог кадрларға қажеттілік 176 бірлікті құрап отыр. Соның басым бөлігі Кербұлақ, Ақсу, Алакөл аудандарында.

Тегтер: бюджетЖетісу облысы

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

19 ақпаннан бастап күшіне енді: қызылша анықталса, екпе алмаған балалар мектепке бармайды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Демалыс күндері ауа райы өзгереді: боран, жаңбыр және қатты аяз болжанды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы таныстырылды:

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz