Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бишімбаевтың ісі бойынша сот тергеулері аяқталды

24 сәуірде судья Айжан Құлбаева Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот тергеулерінің аяқталғанын жариялады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.04.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Мұның алдында ол айыпталушылардан өздеріне тағылған айыптар бойынша ұстанымдары өзгерген-өзгермегенін сұрады.

«Азаптау бойынша маған тағылған кінәні мойындамаймын. Екінші эпизод бойынша маған қасақана қатыгездікпен кісі өлтірді деген айып тағылды, мен Нүкенованы өлімші етіп ұрып-соққанымды мойындаймын, бірақ мен мұны қасақана жасаған жоқпын», — деді Қуандық Бишімбаев.

Судья: «Абайсызда адам өліміне әкеліп соқтырған дене жарақаттарын келтіру бойынша кінәмді мойындаймын дейсіз ғой» деп оған нақтылап сұрақ қойды. Бишімбаев мұны растады.

Екінші сотталушы — оның немере ағасы Бақытжан Байжанов кінәсін толық мойындамады.

«Қылмысты жасыру дегенді мойындамаймын. Қылмыс туралы хабарламауға келетін болсақ, мен қалай білдім, солай бірден «жедел жәрдем» шақырдым. Сондықтан мұны да мойындамаймын. Менің кінәм бар: көмекті ертерек шақыруым керек еді», — деді ол.

Сотталушылардың сөзінен кейін судья:

«Олай болса, сот тергеулері аяқталды деп жарияланады. ҚР ҚІЖК 383-бабының талабы бойынша сот тараптарға 2024 жылғы 29 сәуірге дейін сот жарыссөздеріне дайындалу үшін уақыт береді. 29-ы күні сот отырысы жалғасады және жарыссөз басталады», — деп мәлімдеді Құлбаева.

Аталған қылмысты іс бойынша 27 наурыздан бастап 17 сот отырысы өтті.

«Жарыссөз 29, 30 сәуірде, 2, 3 мамырда және уақыт жеткіліксіз болып жатса, 4 мамырда да болады. Бірақ бәріне үлегереміз деп ойлаймын», — деді судья.

24 сәуірде сот отырысында көріпкелден жауап алынды, оның айғақтары сотталушылар Бишімбаев пен Байжановтың келтірген айғақтарынан басқаша болып шықты. Сонымен қатар, сотта отбасының үй қызметкері сөз сөйледі.

Тегтер: Соттергеу

Соңғы жаңалықтар

Таяу Шығыс бағыттары жабылды: билеттер 13 наурызға дейін сатылмайды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында қызылша бойынша жағдай күрделі: екі айда 300-ге жуық жағдай тіркелді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алғыс айту күні қарсаңында қарасайлық 26 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz