Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты зерттеу нәтижесі белгілі болды

Арман Шаққалиев бірыңғай уақыт белдеуіне көшу халық денсаулығына қаншалық әсер еткенін анықтауды мақсат еткен мониторинг нәтижелерін баяндады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
11.03.2025
Жаңалықтар

Зерттеу әдістемесі бірыңғай уақыт белдеуін енгізудің халық денсаулығына, энергия тұтынуға, еңбек өнімділігіне, оқушылардың үлгеріміне, жол-көлік оқиғаларының жиілігіне, қылмыс деңгейіне және басқа да маңызды аспектілерге ықпалын бағалау үшін 40-тан астам метрика мен көрсеткіштерді қамтыды.

«Денсаулық сақтау саласы бойынша зерттеуге қала және ауыл тұрғындары, сондай-ақ әртүрлі жастағы азаматтар тартылды (әр 100 мың адамға шаққанда есептелді). Энергия тұтыну тұрғысынан ел бойынша электр қуатын тұтыну статистикасы, оның ішінде ең жоғары жүктемелер мен жалпы электр тұтыну көлемі салыстырылды. Еңбек қызметіне қатысты орындалған жұмыстардың көлемі, жұмысқа кешігу, сабаққа келмеу, жарақат алу және тәртіп бұзу жағдайлары зерттелді. Алынған нәтижелер бірыңғай уақыт белдеуіне көшудің халықтың өмір сүру деңгейіне кері әсер етпейтінін көрсетті», – деп түсіндірді Арман Шаққалиев.

Үкімет басшысы бұл мәселе бойынша Парламент Мәжілісімен бірлесіп, тиісті жұмыстарды ұйымдастыруды тапсырды.

«Мемлекет басшысы Үкімет пен Парламентке бұл мәселені жан-жақты қарастырып, оңтайлы шешім қабылдауды тапсырғанын білесіздер. Министрдің баяндамасында көрсетілгендей, жүргізілген мониторинг бірыңғай уақыт белдеуін енгізу туралы шешімнің жағымсыз әсері жоқ екенін дәлелдеді», – деді Олжас Бектенов.

Тегтер: бірыңғай уақыт белдеуіқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Наурыздағы ҰБТ қорытындысы шықты: ең жоғары балл — 140

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Алматы облысында бір жылда 44 жаңа медициналық нысан ашылды

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Қонаевта қамыс өртеніп жатыр: оқиға орнына құтқарушылар жетті

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Қазақстанда 2026 жылы әскери парад өтпейді

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Алматы облысында «Тайқазан – 2026» кәсіби шеберлік фестивалі басталды

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz