“ҚазАвтоЖол” ұлттық компаниясы ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше республикалық маңызы бар автожолда көлік қозғалысын шектеу жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.
• Ақмола облысында сағат 20:00-де “Астана-Ерейментеу-Шидерті” автожолының 16-200 шақырымы (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түріне жабылады.
• Павлодар облысында сағат 20:00-де “Астана-Ерейментеу-Шидерті” автожолының 200-254 шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Шидерті ауылына дейін) қозғалысқа шектеу қойылады.
• Ақмола облысында сағат 20:00-де “РФ шекарасы (Екатеринбургке) — Алматы” автожолының 1292-1353 шақырымы (Жібек Жолы төлемақы пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түріне жабылады.
• Қарағанды облысында сағат 20:00-де:
• “РФ шекарасы (Екатеринбургке) — Алматы” автожолының 1353-1426 шақырымы (Ақмола облысы шекарасынан Теміртау төлемақы пунктіне дейін),
• “РФ шекарасы (Екатеринбургке) — Алматы” автожолының 1426-1446 шақырымы (Теміртау төлемақы пунктінен Теміртау қаласына дейін) көлік қозғалысына толықтай шектеу енгізіледі.