«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметінше, қолайсыз ауа райына, күшті жел мен көрінудің нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесінде, 5 өңірде қозғалыс шектелген, деп хабарлайды alataunews.kz.
Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Түркістан облыстарында барлық көлік түрлерінің қозғалысы тоқтатылған.
ҚР ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығында 8 (7172) 70-41-14, сондай-ақ Ақмола облысының ТЖД 8 (7162) 52-09-50 жедел желі телефондары іске қосылған.
Еске сала кетейік, дауылды ескертулер кезінде ҚР ТЖМ мыналарды ұсынады:
- ұзақ сапарлардан аулақ болу;
- ауылдық аймақтарда ұзақ жаяу жүруден бас тарту;
- елді мекендерден алысқа шықпау;
- жол жабық жерлерде көлік құралдарын топтамау;
- мүмкін болса, елді мекендерде, кемпингтерде немесе жол бойындағы кафелерде болу.