Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Синоптиктер 14 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
16.02.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Қарағанды облысының шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с.

Алматыда таңертең және күндіз қатты жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде 15-20, кей уақытта екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде қатты қар күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталыгында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты қар күтіледі. 16 ақпанда облыстың оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. 16-17 ақпанда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. 16-18 ақпанда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 16-18 ақпанда солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20, күндіз облыстың шығысында екпіні 23 м/с күтіледі.

Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында кей уақытта көктайғақ, жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, таңертең және күндіз кей уақытта екпіні 23-28 м/с. қ.

Шымкентте күндіз кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақытта көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 23 м/с. қ.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Тегтер: Алматы облысыауа райыБасты жаңалықтардауылды ескерту

Соңғы жаңалықтар

В Алматинской области 25 февраля включат сирены

Николай Иващенко
24.02.2026

Энергетики Алматинской области поддержали проект новой Конституции

Николай Иващенко
24.02.2026

В акимате Алматинской области прокомментировали информацию о «продаже» земли иностранцам в Алатау

Николай Иващенко
24.02.2026

Для пяти регионов Казахстана ввели лимиты на водопотребление

Николай Иващенко
24.02.2026

Касым-Жомарт Токаев принял председателя Центральной комиссии референдума

Николай Иващенко
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz