Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Базалық мөлшерлеме 16 пайызға көтерілді — Ұлттық банк

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 16%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

26.10.2022
Жаңалықтар

Тиісінше, өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 17%, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме – 15% болады.

«Шешім мөлшерлеме траекториясын түзетеді, ол алдыңғы шешімдер мен коммуникациялар бойынша айқындалған бағыт пен қарқынды сақтайды. Мөлшерлеменің артуы өсіп отырған инфляциялық қысымды көрсететін факторлардың жиынтығына байланысты. Қыркүйек айының нәтижесі бойынша инфляция болжамнан айтарлықтай асып түсті. Шешім қабылдауға негізгі факторлар жоғары инфляциялық болжамдар, орнықты сұраныс, фискалдық серпін, тұрақты тауар жеткізу жолдарына қайта бағыттауға байланысты өндіріс шығыстарының өсуі, сыртқы инфляцияның жалғасып отырған әсері, оның ішінде сақталып отырған Ресей рублі бағамының күшеюі болды. Жоғарылаған инфляциялық болжамдар баға мен тұтынуға қысым жасайды. Мұның бәрі 2023 жылы инфляциялық процестердің бақылануын сақтау үшін барынша қатаң ақша-кредит талаптарын қажет етеді», — делінген хабарламада.

Базалық мөлшерлемені арттыру экономика субъектілерінің жинақтау белсенділігіне қолдау көрсетіп, ішкі валюта нарығындағы теңгерімге ықпал ете отырып,
1-2 жылдық кідіріспен әсер етеді.

Тегтер: Ұлттық банк

Соңғы жаңалықтар

Стандарты служебной этики государственных служащих

Николай Иващенко
20.03.2026

Добраться на аэротакси из Алатау до Алматы можно будет за 10 минут – Бозумбаев

Николай Иващенко
20.03.2026

Алатау — город будущего: ряд мировых компаний планируют запустить свои проекты в новом городе

Николай Иващенко
20.03.2026

ИИ-лекции и открытые встречи прошли по всей стране в рамках Digital Nauryz

Николай Иващенко
20.03.2026

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz