Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бауыржан Рапиков туризм және спорт вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бауыржан Серікбайұлы Рапиков Туризм және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
16.07.2025
Жаңалықтар

Бауыржан Рапиков 1986 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Жоғары білімді – Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін және «Тұран-Астана» университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2008 жылы Алматы қаласында «Алпроф» ЖШС-де программист ретінде бастаған. Кейінгі жылдары ақпараттық технологиялар, цифрландыру және мемлекеттік басқару салаларында түрлі жауапты қызметтер атқарды.

2009–2012 жылдары «Қазгидромет» РМК-да ақпараттық технологиялар департаментінің жетекші инженері, басқарма бастығы және директоры болды. 2012–2013 жылдары «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» РМК-да басқарушы лауазымдарда жұмыс істеді.

2015–2016 жылдары Қарағанды облысы әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-ны басқарды. 2017–2018 жылдары «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінде IT жөніндегі бас менеджер, ал 2018–2020 жылдары қайтадан «Қазгидромет» РМК-да департамент директоры қызметін атқарды.

2020–2022 жылдары Ақмола облысы әкімі аппараты жанындағы Smart Aqmola КММ-ны басқарса, 2022 жылдан бастап өңірлік цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болды.

2024 жылдың сәуірінен бастап ҚР Туризм және спорт министрлігінің Цифрлық трансформация және мемлекеттік қызметтерді дамыту департаментін басқарған.

Бүгінде жаңадан тағайындалған вице-министр туризм мен спорт саласындағы цифрлық жаңғырту, мемлекеттік қызмет сапасын арттыру бағытындағы жұмысты жалғастырады деп күтілуде.

Тегтер: қазақстанминистртағайындау

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 1500 шақырымдық туристік маршрут зерттелді

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында көші-қон заңын бұзған 9 шетелдік елден шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысындағы резонансты іс: ер адам 25 жылға сотталды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында дәрігерлер күрделі ота жасап, науқастың өмірін сақтап қалды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Іле ауданында 10 мыңға жуық ағаш отырғызылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz