Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Банк шоттарынан қолма-қол ақша алу ережесі өзгерді

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда банк шоттарынан қолма-қол ақша алу тәртібі өзгерді. Жаңа талаптарға сәйкес, белгіленген шектен артық қолма-қол қаражат алатын кәсіпкерлер ақшаны пайдалану мақсатын міндетті түрде түсіндіруі керек, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
09.01.2026
Жаңалықтар

Бұл өзгеріс былтыр Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бірлесіп қабылдаған қаулыға сәйкес енгізілді.

Жаңа талаптар 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

  • заңды тұлғаларға;

  • жеке кәсіпкерлерге қолданылады.

Сонымен қатар қолма-қол ақша алуға қатысты шектен ресми түрде босатылған субъектілер де бар. Олардың нақты тізімін Ұлттық банк жеке бекітеді.

Ұлттық банк белгілеген лимиттерге сәйкес:

  • шағын бизнес – айына 20 миллион теңгеге дейін;

  • орта бизнес – 120 миллион теңгеге дейін;

  • ірі бизнес – 150 миллион теңгеге дейін қолма-қол ақша ала алады.

Кәсіпкер банкке өтініш береді, ал банк қолданыстағы тәртіп бойынша қаражатты ұсынады. Егер кәсіпкерге белгіленген мөлшерден артық қолма-қол ақша қажет болса, ол қаражатты алу мақсатын растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті. Олардың қатарында:

  • шарттар,

  • шоттар,

  • сатып алу актілері,

  • инвойстар,

  • сметалар,

  • бұйрықтар және басқа да құжаттар бар.

Белгіленген шектен асқан жағдайда банк келесі жұмыс күні сағат 10:00-ге дейін Мемлекеттік кірістер комитеті-не:

  • өтінішті,

  • артық алынатын сома көлемін,

  • ақшаны алу мақсатын,

  • компания туралы мәліметтерді,

  • ұсынылған құжаттарды жолдайды.

Мемлекеттік кірістер комитеті келесі жұмыс күнінің соңына дейін:

  • тәуекел анықталса, қолма-қол ақша беруден бас тартуы мүмкін;

  • қауіп жоқ деп танылса, қаражатты беруге рұқсат етеді.

Егер үш жұмыс күні ішінде жауап келмесе, банк қолма-қол ақшаны беруге міндетті. Ал тексеріс нәтижесі бір ай бойы жарамды болып есептеледі.

Жаңа тәртіп кәсіпкерлік қызметтегі қолма-қол ақша айналымын ашық етуге және қаржылық тәуекелдерді азайтуға бағытталған.

Тегтер: қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаев қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
26.03.2026

Медициналық сақтандыру қорының комиссиясы өсті

Қорлан Нұрланқызы
26.03.2026

Дастан Сәтпаев әлемнің үздік жас футболшылары тізіміне кірді

Қорлан Нұрланқызы
26.03.2026

Hydroelectric power station generates electricity in mountain landscape generated by artificial intelligence

Қазақстанда үш шағын гидроэлектр станциясы салынады

Қорлан Нұрланқызы
26.03.2026

Синоптиктер болжамы: елімізде +30 градусқа дейін жылынады

Қорлан Нұрланқызы
26.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz