«Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігінде министр Юрий Ильин ерлігімен көзге түскен Дәуітбеков Есдәулет Есболатұлын төсбелгімен және естелік сыйлықпен марапаттады. Кездесуге жігіттің анасы Әсемгүл Қабдықалықова да қатысты», — делінген ресми хабарламада.
Юрий Ильин бүгінгінің батырына алғыс білдірдіріп, келешекте қатарда осындай ер азаматтарды көргісі келетінін айтты. Анасына да нағыз батырды тәрбиелегені үшін алғыс білдірді.
Еске сала кетсек, оқиға 13 шілдеде Елордада «Шерқала» тұрғын үй кешенінде болған. 17 жастағы бала көрші үйдің терезесінен өтіп, құлағалы тұрған баланы құтқарған. Осы ерлігі үшін ержүрек балаға Нұр-Сұлтан қаласының меценаты 3 бөлмелі пәтер сыйлаған еді.
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Есдәулет Дәуітбековке білім грантын табыстаған.