Қазіргі кезде дәріханаларда кейбір медициналық препараттарды рецептсіз сату фактілері тыйылмай тұр. Жақында ғана Нұр-Сұлтанда заң бұзған бірнеше дәріхананың жұмысы тоқтатылды.
Ал дәрігердің нұсқауынсыз сатылатын кейбір дәрілер балаларды есірткіге тәуелді қылады.
«Бұны «дәріханалық нашақорлық» деп атайды. Оның басты қаупі — балалар есірткіге тәуелді болып қалады. Мысалы, «Тропикамид», «Цикломед» атты препараттардың құрамында есірткі заты бар», — деді Бақытжан Әмірханов брифинг барысында.
Ресми мәліметке сәйкес, жыл басынан бері есірткіні сату және сақтау бойынша 2,5 мың адам жауапқа тартылды. Олардың ішінде 2 055 – ер адам, 130 – әйел адам, сондай-ақ 15 шақты жасөспірім бар. Бұдан бөлек, рецептсіз дәрі сатқан 100-ден астам дәріхана қызметкері жазаланды.