«Оқушылар мен қызметкерлерді қоса алғанда, халықтың 20%-дан астамы білім беру саласында. Олардың алаңсыз сапалы білім алу үшін қауіпсіз жағдай жасау ең өзекті және басты мәселелердің бірі. Бұл бағытта көп жұмыстар атқарылды. Егер заңнамалық бастамаларға тоқталатын болсақ: кәмелетке толмағандарды зорлағаны үшін 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру қарастырылған. Педофилдерге кешірім жасауға және мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынды. Қудалау (буллинг) және кибербуллинг ұғымдары заңды түрде енгізілді. Енді баласына қатысты кибербуллинг фактісі анықталған кез келген ата-ана осындай сайттарды бұғаттау үшін уәкілетті органға жүгінуге құқылы», — деді ІІМ басшысы Марат Ахметжанов.
Сондай-ақ, бүкіл ел бойынша «Назар аударыңыз – балалар!» акциясы басталды. Шара барысында көше-жол желісі, мектеп автобустарымен жолаушылар тасымалдаушылардың лицензияларды тексеріледі.
«Қыркүйек айының басынан бастап бес мыңнан астам тергеуші мектептерге келіп, алдын алу мақсатында қажетті кездесулер өткізеді. Бұл мәселеге мектеп директорлары мен білім беру бөлімдерінің басшылары белсенді қатысады. Әрине, оқу жылының басында біз әдетте ішкі істер органдарына мектептер жанындағы кезекшілікті күшейтуді ұйымдастыру, құқық бұзушылықтар, арнайы белгілер орнату бойынша жүгінеміз. Сондықтан, осы жұмысты бірлесе отырып, тиісті деңгейде жүргіземіз деп ойлаймын», – деді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.
Сонымен қатар, екі ведомство басшылары елордалық жедел басқару орталығында болып, мектептерде орнатылған камералар мен дабыл түймелерінің мүмкіндіктерін көрсетті.
Қазіргі уақытта елдегі 7386 ірі мектепте бейнебақылау бар. Стационарлық «дабыл түймелері» 3514 мектепте, мобильдісі – 1212 мектепте орнатылған.
Кеңес қорытындысы бойынша әкімдіктерге өңірлердегі полицейлермен бірлесіп балалар мен педагогтардың қатысуымен түсіндіру және оқыту жұмысын жүргізуге тапсырмалар берілді.