Министрдің айтуынша, мәселе түсірілімді толық тыйым салу туралы емес, рұқсатсыз жасалатын бейнежазбаларды реттеу қажеттілігінде.
«Біз ештеңені тыйғымыз келмейді. Тек адамдарды рұқсатсыз барлық жерде түсіру мәселесін шектеуді көздеп отырмыз. Әрине, бұл мемлекеттік қызметін атқарып жатқан лауазымды тұлғаларға қатысты емес – оларды түсіру қалыпты жағдай. Бірақ пранк, жасырын түсірілімдер сияқты рұқсатсыз әрекеттер жиілеп кетті. Осы норманы бірге талқылаймыз, жұмыс тобы әлі құрылмады», – деді Балаева.
Министр жұмыс тобына журналистердің де қосылатынын атап өтті.
Оның айтуынша, бұл мәселе қоғамнан келген шағымдарға байланысты көтерілген.
«Қолданыстағы жағдайға қатысты азаматтар шағым жасайды: ешқайда барып, достарымен серуендей алмаймыз. Ал шенеуніктерге қатысты – біз оған үйрендік. Біздің жеке өміріміз жоқ, туыстарымыз жоқ, қайда барсақ та бізді түсіреді, біз де осы елдің азаматтарымыз. Мәселе тек шенеуніктерде емес, бұл бағытты реттеу керек», – деп қосты ол.





