Бұл туралы мәжіліс депутаты Қарақат Әбден айтты.
«Қазіргі заңға сәйкес, әйелдер декреттік демалыста 1 жарым жасқа дейін ғана болады. Мемлекет дайын. Бірақ біз әлі де қарастыруымыз керек, әлі талқылауымыз керек. Депутаттық корпустың ішінен біраз депутаттарымыз қолдайды. Сондықтан да бір жақсы нәтижеге жетеміз деп ойлаймын», — деді депутат.
Еске салсақ, 2022 жылдың 1 қыркүйегінде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында бала күтімі бойынша төлем мерзімін бір жарым жылға дейін ұзартқан болатын.