Жұртшылық бұйрық жобасын 31 қазанға дейін талқылай алады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап декреттік демалыста отырған аналар үшін әлеуметтік төлемдерді арттыруды тапсырған болатын.
Бұйрыққа сәйкес, ай сайын мемлекеттік жәрдемақы бала бір жарым жасқа толғанша тағайындалып, төленеді
«Бала күтімі бойынша жәрдемақы бала туған күннен бастап бір жарым жасқа толған күнге дейін, ал баланы (балаларды) асырап алған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бір жарым жасқа дейінгі балаға қамқоршылық тағайындалған жағдайларда — баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қорғаншы тағайындалған күннен бастап бала бір жасқа толған күнді қоса алған күнге дейін тағайындалады», – делінген құжатта.
Отбасы құрамында күтім жасау жөніндегі жәрдемақыны тағайындау кезінде, тірі туылған, асырап алынған, сондай-ақ қамқоршылыққа алынған балалар, өгей балалар ескеріледі.
Бұл ретте отбасы құрамында әке-шешесі ата-ана құқықтарынан айырылған немесе ата-ана құқықтары шектелген балалар есепке алынбайды.
Бір жарым жасқа толмаған бала қайтыс болғаннан кейін күтім бойынша жәрдемақы тағайындауға жүгінген жағдайда, күтім бойынша жәрдемақы қайтыс болған айды қоса алғанда тағайындалады.
Қандастарға күтім жасау бойынша жәрдемақы (Қандас мәртебесі белгіленген күннен ерте болмауы керек) баланың туған күнінен бастап тағайындалады.
Қазақстандықтар бұйрық жобасын 31 қазанға дейін талқылай алады.
Бұған дейін бала күтіміне байланысты жәрдемақы 1 жыл, бала 1 жасқа келгенше төленетін. Оның орташа мөлшері қазір – 41 мың теңге.