Бұл жағдай сайлау күніне ерекше серпін беріп, учаскеге келген тұрғындардың қызығушылығын тудырды. Байкерлер тобының қатарында әлемді мотоциклмен аралап жүрген танымал саяхатшы Дмитрий Петрухин де болды.
Дмитрий Петрухин – Қазақстанның атын халықаралық деңгейде танытып жүрген саяхатшылардың бірі. Ол осы уақытқа дейін әлемнің бес құрлығында болып, мотоциклмен 400 мың шақырымнан астам жол жүріп өткен. 15 жылға созылған сапарлары барысында саяхатшы 170 елді аралап үлгерген.
Оның айтуынша, мұндай сапарлар тек жеке қызығушылық қана емес, сонымен қатар мәдени байланыстарды нығайтуға және Қазақстанды әлемге танытуға бағытталған.
Байсеркедегі №360 учаскеге байкерлердің келуі сайлаушылар үшін ерекше әсер қалдырды. Тұрғындар олармен бірге суретке түсіп, бұл сәтті қызығушылықпен тамашалады.





