«Орталықта 600-ге жуық бала кешенді оңалтудан өте алады. Бұл жер әлемдік брендтердің заманауи медициналық оңалту және диагностикалық құрылғыларымен жабдықталған», — деді Еңбекшіқазақ көпсалалық ауданаралық ауруханасындагы “Қамқорлық” оңалту орталығы басшысының орынбасары Әлия Омарбекова.
Жасөспірімдермен реабилитолог, невролог, эрготерапев, психолог, логопед және дефектологтардан жасақталған мамандар жұмыс істейтін болады. Орталықтың ерекшелігі — мұнда бала дүниеге келгеннен бастап есейгенге дейін оның денсаулығы үнемі бақылауда болады.