Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалық

Азия чемпионаты: Қазақстан парадзюдодан 14 медаль жеңіп алды

Астанада парадзюдодан Азия чемпионатының жекелей сайыстары өз мәресіне жетті.

30.04.2023
Жаңалық

11 елдің 100-ден астам спортшысы J1 (көзі мүлдем көрмейтін) және J2 (көзі нашар көретін спортшылар) санаты бойынша өзара мықтыны анықтады. Жекелей сайыс нәтижесінде Қазақстан құрамасы жалпы командалық медаль кестесінде екінші орынға жайғасты.

Азия чемпионатының жекелей жарыстары бойынша медаль кестесіндегі үздік үштік:

Өзбекстан – 4 алтын, 6 күміс, 3 қола,

Қазақстан – 4 алтын, 4 күміс, 6 қола,

Иран — 3 алтын, 2 қола.

Қазақстандық парадзюдошылар төрт алтын, төрт күміс және алты қола жүлдені жеңіп алды.

Атап айтқанда, Даяна Федосова (-57кг, J2), Ерғали Шамей (-73кг, J1), Альфия Тілекқабыл (-57кг, J1) және Жанбота Аманжол (-90 кг, J2) чемпион атанса, Ақмарал Науатбек (-52 кг, J2), Ерлан Конкиев (+90 кг, J2), Бауыржан Арыстанбеков (-90 кг, J1) және Ғалымжан Смағұлұлы (-90 кг, J2) күміс, Олжас Оразалы (-73 кг, J2), Динара Куджулова (-70 кг, J1), Зәуре Айтек (+70 кг, J1), Талғат Ажғалиев (+90 кг, J2), Ерлан Өтепов (+90 кг, J1), Дилором Диханова (-57 кг, J1) қола медаль еншіледі.

«Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын жоспарлағанымыздай сәтті аяқтады. Десе де біз үшін Азия чемпионаты аяқталды деп айтуға әлі ерте. Ертең командалық жарыста бақ сынаймыз. Жекелей сайыс бойынша құрама жоспарды толық орындады. Азия чемпионатында жеңімпаз және жүлдегерлер атанған спортшылардың басым бөлігі құрамаға биыл қосылған жас балуандар. Осындай әлемдік дәрежедегі алғашқы жарыстарына қатысты. Олардың кейбіреуі, мысалы Альфия саусағының сынғанына қарамастан күресіп, жанкештілік танытты. 16 жасында Азия чемпионы атанды. Пара дзюдода осал спортшы деген болмайды. Мұнда татамиге шыққан әрбір балуан ерекше құрметке ие және олардың ерік-жігері бәрімізге үлгі деп ойлаймын», – дейді Қазақстан құрамасының бас бапкері Жандос Қиянов.

Бүгін, 30 сәуір Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Азия чемпионатының командалық жарысы өтеді.

Командалық жарысқа ерлер арасында алты, ал әйелдер арасында үш құрама қатысады.

Тегтер: Азия чемпионатымәрепарадзюдо

Соңғы жаңалықтар

ОСК жаңа Конституция жобасы бойынша референдум бюллетенінің мәтінін бекітті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысы білім басқармасының басшысы тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында полиция трассаларды дрондар арқылы бақылауды күшейтті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қазақстан XXV қысқы Олимпиадада нешінші орын алды?

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz