«Ол Қазақстанның аса маңызды ақпараттық инфрақұрылымына жататын деректер базасындағы жер учаскелеріне қатысты мәліметтерді өз бетінше заңсыз өзгертті деген күдікке ілінді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 206-бабының 3-бөлігімен (ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру) қарастырылған қылмыстық заң бұзушылық белгілері бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Көкшетау қаласының соты күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Өзге ақпарат Қылмыстық-процесстік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.