Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау электронды форматқа көшеді

Елімізде ауыл шаруашылығына мемлекеттен субсидия алу процесі жеңілдейтін болды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлім етті.

12.12.2022
Жаңалықтар

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау мәселелерін құрамында 160-тан астам маман бар жұмыс тобы қарап жатыр. Осыған дейін 9 отырыс өтті. Сала мамандарының өтініш-ұсыныстары назарға алынып, субсидиялау саласына өзгерістер енгізілді. Айтар болсақ, аталған салада сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу мақсатында субсидия толықтай электронды форматқа көшеді. Яғни субсидияға өтініш беру, қабылдау және соманы растау адамның қатысуынсыз өтеді», — деді Ербол Қарашөкеев Мәжілісте өткен дөңгелек үстел барысында.

Министрдің сөзіне сенсек, бұған дейін ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау процесі 3-4 ай уақыт алса, енді 1 айға дейін қысқарады.

«Бақылау органдары тарапынан айтылған ескертулерге құлақ асып, тиімсіз, өзекті емес және бақылауы қиын субсидия түрлері қысқартылды. Қаржы бөлуге келсек, ауыл шаруашылығы салалары бойынша сол бұрынғы сомалар сақталып қалады. Бағытына қарай 15 пайыздан 80 пайызға дейін инвестициялық субсидия қарастырылған», — дейді ол.

Айта кетсек, Мәжілісте «Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға арналған жаңа тәсілдер» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп жатыр.

Жиынға қатысушылар ауыл шаруашылығы саласын субсидиялаудағы проблемалар, импортты алмастыру перспективалары, өнім бағасын қалыптастыру және басқа мәселелерді талқылап жатыр.

Тегтер: Ербол Қарашөкеев

Соңғы жаңалықтар

Подозреваемого в смертельном ДТП на проспекте Аль-Фараби в Алматы проверят на алкоголь

Николай Иващенко
25.03.2026

Казахстанского блогера объявили в розыск по делу Mellstroy

Николай Иващенко
25.03.2026

В Усть-Каменогорске задержали подозреваемых в нападении на патрульного полицейского

Николай Иващенко
25.03.2026

Матч сборных Казахстана и Венгрии по футболу перенесли

Николай Иващенко
25.03.2026

Семью с двумя детьми всю ночь искали в Алматинской области

Николай Иващенко
25.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz