V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында аударыспақтан Қазақстан ұлттық құрамасы финалға өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, жарысқа 9 мемлекеттен 64 спортшы тіркелген. Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Түркия, Венгрия, Қытай, АҚШ және Ресейдің спортшылары арасында Қазақстанның аударыспақ құрамасы финалға озып шықты.
Қазақстан намысын Ермек Құралбай, Алмат Ләтіпбек, Дарын Өткелбай, Есімхан Рахматіллә, Сырым Ізбасаров және Біржан Қосалиев қорғайды.